Клинтоннан Трампқа дейін: Аляскадағы саммит Путиннің АҚШ президентімен 49-шы кездесуі болмақ
Ресей билігінде 25 жыл отырған Владимир Путин АҚШ-тың бес президентін көрді: Билл Клинтон, Джордж Буш, Барак Обама, Дональд Трамп және Джо Байден. Ол АҚШ президентімен жалпы 48 рет кездескен. 15 тамыз күні тағы бір кездесу болады. Аляскада Трамп пен Путин келіссөз жүргізбек.

1
Ресей Президенті Владимир Путин (оң жақта) мен АҚШ Президенті Билл Клинтон 2000 жылғы 4 маусымда Мәскеуде зымыран ұшыру жайлы ақпарат алмасу үшін бірлескен ескерту орталығын құру туралы келісімдерге қол қойып, қол алысып тұр.

2
Клинтон мен Путин 2000 жылғы шілдеде Жапонияның Окинава аралындағы Наго қаласында өткен "Үлкен сегіздік" саммиті аясында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты.

3
2005 жылғы 9 мамырда Мәскеудегі "Жеңіс парадына" қатысқан Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони, Қытай басшысы Ху Цзиньтао, Ресей президенті Владимир Путин мен оның әйелі Людмила, Еуропа Одағының президенті Жан-Клод Юнкер және АҚШ Президенті Джордж Буш Кремльде бірге адымдап келеді.

4
Путин мен Буш 2004 жылы 21 қарашада Сантьягодағы Ла-Монеда сарайында Азия-Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық ұйымы (APEC) көшбасшыларының ресми фотосессиясына келгенде чилилік пончо киді.

5
АҚШ президенті Барак Обама мен Путин Мексиканың Лос Кабос муниципалитетінде. 18 маусым 2012 жыл.

6
Обама Путинмен 2015 жылғы 15 қарашада Түркияның Анталия қаласындағы Регнум Кария курортында өткен "Үлкен жиырмалық" саммиті аясында да кездескен.

7
АҚШ президенті Дональд Трамп Путинмен 2017 жылғы 7 шілдеде Германияның Гамбург қаласында өткен "Үлкен жиырмалық саммитінде" кездесті.

8
Трамп пен Путиннің бұл суреті 2018 жылғы 16 шілдеде Хельсинкиде түсірілген.

9
АҚШ президенті Джо Байден мен Путин 2021 жылғы 16 маусымда Женева қаласында өткен АҚШ-Ресей саммитінде.